ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҚОЛАЙСЫЗ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТАҒДЫРЫ

14:03, 19 сәуір 2019

Өскеменде балалары алдында жауапкершілігі төмен деп, ата-аналық міндеттеріне салғырт қараған ата-аналарды заң негізінде ата-ана құқығынан айыру шарасы қолданылды. Мамандардың айтуынша, қоғамда осындай сот істері көбейген. Жергілікті полиция өкілдері қолайсыз отбасыларда өмір сүріп жатқан жеткіншектер жағдайымен танысып қайтты. Жаңа Согра кенті. Саяжайлар. Бұл қараша үйде төрт бала тұрады. Қожабаевтар отбасы бір жылдан астам уақыт болды полицейлер тізіміне алынған. Көпбалалы ата-ана жиі ішкілікке салынып, үй бетін көрмей кетеді. Балалар лас үйде өздері қалады. Кенжелері – төрт айлық қыз бала денсаулығы сыр беріп, ауруханаға да түскен. Қазіргі уақытта баланың салмағы небәрі екі килограмнан сәл ғана асады. Полицейлердің айтуынша, олар осы отбасыны үздіксіз бақылайды. Ата-аналарын үнемі тексеріп, ашық әңгімеге тартқанымен, еш нәтиже жоқ. Үйреншікті жаман әдеттен арылып, өмір сүру қалыптарынан танбаған. Осы уақытта Қожабаевтар отанасы ата-ана құқығынан айырылды. Екі баланың анасы сыра ғана емес, одан да күшті алкогольді ішімдік ішкен сияқты. Полицейлер қызмет құзіреттеріне сәйкес, осындай отбасылардағы балалар не киім киеді, не ішеді, не жейді және пәтердің жалпы жағдайымен таныс болуы тиіс. Кейбір жағдайларда жедел түрде шара қолдану қажеттігі туады. Десе де, түзелу жолына түсуге тырысатындар да жоқ емес. Балаларын тартып алатынын түсінген кезде, естерін жиып, жақсы көрінуге барынша тырысып бағады. Жалғызбасты Татьяна төрт бала тәрбиелейді. Басқа әйелдер сияқты ол да кезінде талай шөлмекті төңкерген. Енді қайтіп аузыма алмаймын дейді. Бір бөлмелі пәтер болса-дағы, бұндағы көрініс алдыңғы үйлерге қарағанда анағұрлым жақсы. Таза. Татьяна көмектен бас тартпайды. Шошқа фермасында түрлі жұмыстар істейді. Ақшасы жетпейді. Ал жас ана Анастасия болса, ешқандай көмекке зәру емес. Жас әйелдің өкпесі қара қазандай. Әсіресе, тәртіп қызметшілеріне деген. Анықталғандай, ол балаларын тастап, үйден кетіп қалған. «Мына уақытша тұрақтағы жағдай тіптен қорқынышты» дейді кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі аға инспектор Дария Ахметуәлиева. Бала мен отбасы бір рет полицейлер қадағалауына іліксе, тасада қалмайды. Бұл бала тізімге алынды, болмаса ата-анасы маскүнем деген сөз емес. Бұл өмірлік қиын жағдаяттарға ұшыраған отбасылар болуы мүмкін. Өйткені, көпшілігіне қолайсыз отбасылар жөніндегі инспекторлар көмек қолын созады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...