ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Қоқыс мәселесі

14:11, 29 қазан 2019

Өскемен қалалық мәслихаты отырысы барысында депутаттар облыс орталығының санитарлық жағдайына тоқталды. Қоқыс төгілетін аумақтарға бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды. Бұл шара көпқабатты үйлердің контейнеріне қоқыс төгетін жосықсыз дүкен иелерінің әрекетін тоқтату үшін жасалмақ. Қалалық мәслихат депутаттарының айтуынша, Өскемен - абаттандыру ережесі бекітілмеген Қазақстандағы жалғыз қала. Бұл - иесіз қоқыс орындары мен қатты тұрмыстық қалдық мәселесі жабулы күйі қала бермек дегенді меңзейді. Бірақ, бұған қарамастан, санитарлы тазалық индикаторы толығымен орындалды деп баса айтады ресми баяндамаларда. Мәселен, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Ысқақовтың ақпаратына сәйкес, аумақты дамыту бағдарламасы бойынша экологиялық және санитарлық талаптарға сай келетін нысандар, 87% құрайды. Бұл көрсеткішке жету жоспарда болған және ол орындалды да. Алайда, депутаттар бұл сандарға күмәнмен қарады. Сондай-ақ, депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды қаладан шығару туралы мәселені де көтерді. Халық қалаулыларының сөзінше, көпқабатты тұрғын үйлерге арналған қоқыс контейнерлері көп жағдайда маңындағы дүкендердің қоқыстарымен толып қалады. Ал, сауда нүктелерінің иелерімен тілге келу кей жағдайда мүмкін емес. Сол қоқыстарға халық мысалы, ескі жиһаз немесе құрылыс қалдықтарын тастайды. Мамандар бұған бірнеше себептің бар екенін айтады. Ережелерді "Атамекен" палатасының өкілдерімен және заңгерлермен бекіте алмауда. Сондықтан құжат мақұлдамайды. Қалалық әкім аппаратының басшысы осы жағдайды шешу үшін облыстық мәслихатқа хат жазуды ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар