ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

КӨКТЕМГІ ЕГІС

16:05, 16 мамыр 2018

4 млрд. 57 миллион теңге. Бұл - көктемгі егістік жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген қаражат. Оның жартысынан көбі субсидиялауға бағытталып отыр. Мемлкет шаруалардың тұқым, гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарға жұмсаған ақшасының 50 -%-на дейін қайтаруға дайын. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Глубокое ауданы, Веселовка ауылының диқаншылары көктемгі егістік жұмыстарына білек сыбана кірісті. Бұршақ, бидай, күнбағыс, сұлы дақылдарын егіп жатыр. «Жұмысымызда әрдайым заманауи технологияларды қолдануға тырысамыз. Мысалы,  бір гектар жерді тыңайтпай, күнбағысты егуді бастамаймыз» дейді мамандар.   Шаруа қожалығы иесі Тимур Виситаевтың айтуынша, жыл сайын минералды тыңайтқыштардың  30-ға жуық вагоны жұмсалады. Шығындалған қаржы көлемінің 50% мемлекет субсидия ретінде төлеп,  қайтарып береді.

 

ТИМУР ВИСИТАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ИЕСІ:

«Тыңайтқыштар болмаса, қазіргі алып жатқан астық өнімділігіне қол жеткізу мүмкін болмас еді. Мемлекеттің қолдауы мұнымен шектелмейді. Биылдан бастап инвестициялық көмек қаржы жүзеге асырыла бастады. Менің ойымша  ең  қолайлы жәрдем қаражат түрі.  Оның көмегімен шетелдік тениканы сатып алып,  жұмсалған ақшаның 25% мемлекет қайтарып отырады. Кәсіпті өрге дөңгелетуге бұдан артық не қажет деп ойлаймын».

 

Облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2017 жылғы дамуы туралы ақпаратына сүйенсек, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі  460,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 110,8% артық.  Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Әділет Төлеутаевтың айтуынша, экономиканың драйвері саналатын саланы қолдау мақсатында биыл да бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.  

 

ӘДІЛЕТ ТӨЛЕУТАЕВ, ШҚО АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Жыл сайын көктемгі егіс жұмыстарына облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінеді.  Биыл 4 млрд. 57 миллион теңге қарастырылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 млн. теңгеге көп.  Сонымен қатар, тұқымтануды дамыту мақсатымен 800 млн.теңге бөлініп отыр. Былтырғы жылмен салыстарғанда 77 мллионға артық. Минералды тыңайтқыштар бағасына көмекқаржы көлемі де едәуір артты».


Менералды тыңайтқыштарға субсидия алу биылдан бастап автоматтандырылған түрде жүзеге асырылуда. Үйден шықпай-ақ, кез келген уақытта, яғни, Интернет арқылы өтініш жолдауға болады. Ол автоматты түрде ауыл шаруашылығы басқармасына түседі. Кейін екі күн ішінде жауабы қайтарылады. Субсидия алудың бұл тәсілі  ашықтықты қамтамасыз етеді.         

 

 

 

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар