ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ

14:49, 15 сәуір 2019

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы наурыз мерекесін атап өтті. Киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Жиналғандар студенттер әзірлеген мерекелік концертті тамашалады. Бұл күні студенттер үйі маңында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымы наурыз мерекесін атап өтті. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Мерекеге жиналған жастар, қазақша күресте бақ сынап, қол күресте мықтылар бір-біріне дес бермеді. Студенттер дайындаған мерекелік концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жыл сайын сәуірде жаңару мен берекенің мерекесі наурызды атап өтуді дәстүрге айналдырған ұжым келер жылы да бұл шара жалғасатындығын жеткізді. Мерекелік концерт барысында университеттің белсенді студенттеріне алғыс хаттар мен ақшалай сертификат табыс етілді. Никита Дерябин 3 курс суденті. Болашақ журналист. Ол «Авангард» студенттер театрының жетекшісі. Шараның жоғары дегейде өтуіне қатарластарымен барын салған. Сонымен қатар мерекеде ең таза әр тәртібі жоғары деген жатаханалар ескерусіз қалмады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар