ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ

13:07, 11 наурыз 2019

8-наурыз - халықаралық әйелдер мерекесін Глубокое ауданы да атап өтті. Салтанатты шараға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан түрлі мамандық иелері және көпбалалы аналар қатысты. Глубокое ауданы көктемгі мерекеге жыл сайын ыждаһаттылықпен дайындалды. Залдың безендірілуі, қонақтарды қарсы алу, оларға көрсетілген құрмет барлығы алдын ала ойластырылған. Көктемнің жылы лебі ескен шуақты күні асыл жандарды аудан басшылығы құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Құрмет граматолары мен алғыс қатар табыс етті. Олардың қатарында шаруа, ұстаз, дәрігер, инженер және тағы басқалары бар. Сонымен қатар аудан әкімі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерін марапатсыз қалдырмады. Мерекелік кеш аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдардың концертіне ұласты. Бишілердің биі мен әншілердің оындауындағы әндер жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...