ШҰҒЫЛ! «Жүрек жылуы» жобасы Толығырақ

Көктайғақ: жол апаты

18:03, 27 ақпан 2020

Бүгін Өскемен-Шемонаиха бағытында көктайғақтың салдарынан жол апаты болды. Шемонаиха ауданында өтетін спорт жарыстарына патрульдік полиция экипажының ілесіп жүруімен Өскеменнен шыққан автобус Глубокое ауданы, Прапорщиков ауылы маңында қарсы шыққан жүк көлігімен соғылысты.

Кісі өлімі жоқ. Медициналық емдеу мекемелеріне 8 бала жеткізілді. Ал бір баланы ата-анасы ауруханаға өздігінен әкелген. Автобуста барлығы 53 жолаушы отырған, соның 46-сы – балалар. Оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр. «Нowo» маркалы жүк көлігі қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Полиция қызметі апаттың орын алуына ауа райының қолайсыздығы дейді.Зардап шеккен жолаушыларға дер кезінде жедел медициналық көмек көрсетілді. Облыстық «Ана мен бала орталығына» жеткізілген балалар қазір дәрігерлердің жіті  қадағалауында. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жас спортшылар Шемонаиха ауданында өтетін ҚР чемпионатына бара жатқан. Балалар спорттық бағдарлау спорты бойынша жарысқа қатысуы тиіс еді.

                            

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қол қойылды
14:49, 23 наурыз 2020
Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қ...
Толығырақ...
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отырысы
22:58, 23 наурыз 2020
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отыр...
Толығырақ...