ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

18:05, 26 маусым 2020

«Шығысэнерготрейд» ЖШС электр энергиясына бекітілген тариф мөлшерін арттыру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Жиынға серіктестік басшылығымен қатар тұрғындар да қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе заңды тұлғалар тұтынатын энергия көзі бағасын арттыру.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментіне 5 наурызда электр энергиясын бөлшек саудалаудың шекті бағасын көтеру мәселесі жөнінде өтініш жазған.  Аталған өтініш бүгін қоғамдық тыңдауда қаралды. Өтініш жолдаушы тарап қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сақтық шараларын барынша жүзеге асырды. Азаматтар арасындағы әлеуметтік арақашықтық, медициналық бетперде тағу, дене қызуын өлшеу сынды талаптар негізге алынды. Ал «Шығысэнерготрейд»ЖШС тарифтерді өсіру мәселесіне енгізген ұсыныстары мынадай. Қоғамдық тыңдауға  мемлекеттік орган өкілдері, табиғи монополиялар субъектілері, тұтынушылар қатысты.  Облыс тұрғындары энергиямен жабдықтаушы ұйым мен Комитет өкілдеріне жиын барысында өздерін мазалаған сұрақтарын жолдап,  жауап алды. Ал серіктестік тарабы өз кезегінде тарифтерді заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға қатысты бағамның мынадай шекті мөлшерін белгілеген. Тарифтерді арттыру туралы соңғы шешімді Комитет тыңдауда айтылған пікірлерді ескере отырып қабылдайтын болады. Ал қорытындысы заңда белгіленген мерзімде хабарланады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...