ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

16:48, 29 қазан 2020

Семей қаласының тұрғындары коронавирустық инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін әлі күнге дейін түсінбей отыр. Санитарлық қауіпсіздікті бақылайтын жедел топ мүшелері осылай дейді. Қоғамдық көліктерде арнайы рейд өткізілді. Тәртіп сақшылары мен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің қызметкерлері жолаушылардан бетперде киюді талап етіп, санитарлық ережелерді сақтауға үндеді. Мына автобустың кондукторы осылайша жолаушылардан бетперде тағуды талап етуде. Дегенмен қоғамдық көліктердегі мәселе бұл ғана емес. Қазір автобуспен қатынайтын адамдар көп болғандықтан, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкін болмай жатады. Ал облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында адамдарды автобус салондарындағы орын саны бойынша отырғызу жөнінде нақты айтылған.  Адамдардың қоғамдық көліктерге шектен тыс отыруы әдеттегі құбылыс. Бұған желідегі қоғамдық көліктер санының аздығы себеп. Мұндай жағдайда ара қашықтықты сақтау мүмкін емес, - дейді жолаушылар. Қаулыда жүргізушілер мен кондукторлар, жолаушылар бетперде тағуы міндетті екені айтылған. Алайда көп адамдар масканы тек полиция қызметкерлерін көргенде ғана киеді. Мобильді топ мүшелері тәртіпке бағынбағандар үшін айыппұл қарастырылғанын еске салады. Бүгінгі күнге дейін бетперде кию режмін сақтамаған 100-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармасының қызметкерлері автобустар соңғы аялдамаларда зарарсыздандыру жұмыстарын қалай жүргізіліп жатқандығы тексерілді. Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көліктер желідегі әр айналымнан салонды желдету және қажетті санитарлық шараларды жүргізуі тиіс. Айта кету керек, қаладағы қоғамдық көліктер жұмысын қалыпты режимде жалғастыруда. Яғни оларға қатысты уақыт шектеулері жоқ. Автобустар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып демалыс күндері қатынайды.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...