ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР САНЫ АРТТЫ

13:35, 14 мамыр 2020

Семейде қалалық бағыттарда жүретін қоғамдық көліктердің саны артты. Бірақ, карантиндік талаптар сақталуы тиіс. Яғни, жолаушылар автобусқа отырған кезде бетперде киюге міндетті. Бұдан басқа, қоғамдық көлік әрбір рейстен кейін міндетті түрде зарарсыздандырудан өтеді.  Бұл туралы жолаушылар тасымалын басқару орталығының өкілдері айтты. 11-мамырдан бастап төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ, короновирустық инфекцияның одан әрі таралу қаупіне байланысты кейбір өңірде карантиндік шараларды сақтау жалғасуда. Шығыс Қазақстан облысында карантин біртіндеп жеңілдетіліп, шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істей бастады. Яғни, қоғамдық көлік қызметі қазір өте қажет. Әзірге, қолданыстағы шектеу шараларын және жүріп-тұру қажеттілігінің артуын ескере отырып, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жолаушылар ағынының өсуіне қарай қалалық бағыттардағы автобустар санын біртіндеп арттыру туралы шешім қабылдады. Жолаушыларға шектеу шаралары әлі күнге дейін күшінде екендігін ұмытпау керек. Бетперде кию - бұл COVID-19 таралуының алдын-алуға арналған санитарлық талап қана емес, сонымен қатар азаматтардың осы арқылы қауіпті ауруды жұқтырудан сақтанады. Індетке қарсы талаптарды сақтау тек жолаушыларға ғана қатысты емес. Қоғамдық автокөлік бағыт бойынша жол жүргеннен кейін зарарсыздандырудан өтеді. Қоғамдық көлік санының өсуі саяжай бағыттарына да әсер етті. Бұл бау-бақша телімдері иелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру және жолаушылар арасында қажетті қашықтықты қамтамасыз ету үшін жасалған. Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалын басқару орталығы мен автокөлік жолдары бөлімінің мамандары электронды билет жүйесі арқылы жолаушылар ағынына мониторинг жүргізуде. Ол бойынша жолаушылар тасымалын басқару орталығы қоғамдық көлікті қанша адамның қолданғаны, қандай автобус бағыттары аса қажет екендігі туралы мәліметтер жинап, қала көшелерінде қоғамдық көлік санын ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлемек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар