ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

КӨГАЛДАНДЫРУ ПРОБЛЕМАСЫ

13:25, 11 шілде 2018

Көк желегін жамылған Өскемен қаласы көшелері күл-қоқыстан тазартылады. Сенбіліктерден бөлек жоспарлы жұмыстардың дені атқарылады. Жыл сайын өзіне қарасты барлық аумақтары көгалдандырылады. Түрлі ағаш көшеттері, гүл тұқымдары егіледі. Десе де қайсыбір жеріне егілген өсімдіктер тамыр жаймастан, көктей солады. Себебі, күтіп-баптау шараларында салғырттық басым. Экологтар табиғатқа мұндай көзқарастың зиянды екенін айтып, дабыл қағуда. Мәселені шешу үшін қаланы көріктендіру және көгалдандыруда кешенді жоспар құрылуы керек.

ДМИТРИЙ КОРЕШКОВ, ШҚО ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

«Осы жылы 7 мыңнан сәл артық ағаш көшеттері егілді. Ал былтыр 10 мың түп болатын, биылғы саны шектеулі. Сонда бәрін қосқанда біз 2 жылда 18 мың түп отырғызыппыз, солар қайда қазір? (05.52-06.14) Өткен жылғы күзде және биылғы көктемде көшет егу мониторингін жүргіздік. Халық болып еккен ағаштар көктемеді, өйткені, күтіп-баптайтын ешкім жоқ. Ағашты ектің бе, оны суарып, күтімге алу қажет. Айналасын тазартып, түптеп отыру керек».  

 

 

АСИРА НАЖМАДДИНОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар