ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

КӨГАЛДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ

17:37, 29 шілде 2020

Өскемен біртіндеп елдегі ең “жасыл” қала беделінен айырылуы мүмкін.  Жасыл желекті отырғызу және оларға күтім жасаудың нақты стратегиясының болмауының салдары көңіл қуантпасы анық. Отырғызылған ағаштар көбінесе суарусыз кебеді. Қоғам белсенділері осылай деп дабыл қағуда. Қазір Өнеркәсіптік және Жұмысшы көшелерін қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мұнда жол төсемін кеңейту қолға алынды. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағындағы жасыл желектерді қысқартуға әкеледі.
Рейд барысында отырғызылған ағаштарға үнемі күтім жасалатын үлгілі-көрнекі учаскелер де қаралды. Мысалы, Шәкәрім даңғылы. Рейд қатысушылары атап өткендей, жұртшылық қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобаларды әзірлеуге де белсене қатысуы тиіс. Белсенділердің айтуынша, мұндай экологиялық рейдтердің басты мақсаты проблемаларды анықтап, көрсетіп қана қоймай, оларды одан әрі шешудің жолдарын бірлесе табу.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар