ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

КІМ КІНӘЛІ?

14:56, 9 тамыз 2018

«Менің құқығым бұзылды. Жасамаған қылмыс үшін айыппұл төлеуге мәжбүрмін» деп Өскемен қаласының тұрғыны Евгения Бочкарева арнамызға хабарласты. Оның айтуынша, асырап жатқан иті кәмелеттік жасқа толмаған қызды қауып алған деген айып заңсыз тағылған. Толығырақ «Резонанс» айдарында.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған Евгения Бочкареваға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Итінен жәбір көрген қыздың отбасы моральдік зиян келтіргені үшін де қаржы өндіріп алмақшы. Дегенмен, өмірін жануарсыз елестете алмайтын Евгения сот шешімімен келіспейді.

ЕВГЕНИЯ БОЧКАРЕВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:                                                                                                          

«Тергеу амалдары барысында не менің куәгерлерімнен, не менен жауап алынбаған.  Бұл дегеніңіз ешбір құжатта менің қолым жоқ, түсініктеме де жазған емеспін. Істе қабудың сот-медициналық сараптамасы жоқ. Тістеу фактісі тіркелмеді.  Хирург екі нүктелі жарақат бар деп жазды. Бұл  жәбірленушінің айтқан сөзінен жазылады».  

Евгения Бочкарева Июлька және Ириска атты иттерін күніне үш, төрт рет  қыдыртады. Бұған көршілері куә.  Дегенмен, тұмылдырықсыз далаға шығарып, иттерін жібере салғанды көрмегенін айтады.  

ИВАН ВЛАСОВ, Е.БОЧКАРЕВАНЫҢ КӨРШІСІ:

«Оларға тұмылдырық кигізіп, серуендеуге шығарады. Тұмылдырықсыз жүргендерін  бір рет те көрген емеспін. Үйдің артында, алдынғы жағында қыдырып жүреді. Адамдарға шабуыл жасағандығы туралы бірде-бір адамнан естімедім».

ГАЛИНА РИНУС,  Е.БОЧКАРЕВАНЫҢ КӨРШІСІ:

«Күнделікті таңертен жұмысқа шығып бара жатқанда ол итпен серуендеп жүргенін көремін. Иттерді тек қана  қарғы баумен және тұмылдырықпен көшеге шығартады. Иттері  тұрмақ мысықтарын да қарғы бауға байлап жүреді».

Әділдікті іздеген өскемендік тұрғын үй жануарларын кезек-кезек серуендететінін алға тартты. Мұның себебі бар.  «Екі итті бір уақытта ұстап жүру мүмкін емес, күшім жетпей-ақ қалады» дейді. Бұл жәбірленушінің айтқан сөзіне қарама-қайшы.  Евгения Бочкареваның айтуынша, істегі олқылықтар бір бұл емес. 

ЕВГЕНИЯ БОЧКАРЕВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

«Бұл мен емес екенін нақты айта аламын. Өйткені,  полиция қызметкері қызыл күртке киген әйелді іздестіріп жүрді. Менде қызыл күртке жоқ. Сонымен бірге, жәбірленуші сөзіне қарасақ, қауып алған итті 30 жастағы әйел серуендеткен. Ал мен 45-темін».

Жәбір көрген кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасы арызды “иттің иесін тауып, жануардың құтыру немесе өзге де инфекциялық ауруға шалдыққан, не шалдықпағанын білу үшін» жазғанын айтады.

НАТАЛЬЯ САМУЛЬ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

«Өкінішке орай, біз әлі күнге дейін иттің қандай аурулармен ауырғанын көрсететін анықтаманы қолға алған жоқпыз. 4-5 айдай өтті. Менің жазған арызым негізінде әкімшілік іс қаралады. Белгілер бойынша, тану процесінен кейін және оқиға болған жердің маңайында жүргізілген іздестіру  нәтижесінде, иттің қожайынын таптық».

ҚАЙРАТ ИШІББАЕВ, ӨСКЕМЕН ІІБ ҮЛБІ БӨЛІМІ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: 

«Бочкарева азаматшасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 408 бабының екінші бөлімі бойынша  хаттама толтырылды. Бұл ит пен мысықты ұстау және серуендету жөнінде ережелерді бұзу және жеке тұлғағаның денсаулығына зиян келтіру фактісі».

Мұндай айыппен келіспеген Өскемен қаласының тұрғыны Евгения Бочкарева әкімшілік сотқа  аппеляциялық шағым түсірген. Алайда, облыстық сот шығарылған айыпты  өзгеріссіз қалдырды.

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар