ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ

14:08, 11 ақпан 2019

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы XXIV кезектен тыс конференциясын өткізді. Жиынға қала әкімі Жақсылық Омар қатысты. Конференцияда Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттердің орындалуы және түрлі саладағы жобалар жайы талқыланды. Тілші сюжеті толықтырады. Конференцияда Өскемен қаласының бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктері жіпке тізіліп, партия мүшелерінің келешекте атқарар жұмыстары сараланды. Жоспар бойынша әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілуде. Индустриялық ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Өз кезегінде қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтің әлеуетін жақсартуға бағытталған жаңа жобалар туралы айтты. Күн тәртібінде Елбасының Жолдауында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясындағы жобаның негізгі басымдықтары сөз болды. Облыстық конференцияға қатысатын делегаттар тізімі бекітілді. Қала әкімі Жақсылық Омар сөз арасында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай 1 наурызда форум өткізу жоспарланғанын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар