ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЪЕЗІ

17:45, 2 қыркүйек 2020

Бүгін елімізде Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезі өтті. Алғаш рет онлайн режимінде ұйымдастырылған съезд жұмысына республика бойынша 157 делегат қатысты. Оның ішінде 10 делегат Шығыс Қазақстан облысының өкілдері. Съезд барысында қандай  жаңалықтар айтылды? Қандай мәселелер көтерілді?

Бүгінде Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы 21 салалық кәсіподақтан және 17 аумақтық бірлестіктен құралады. Осы ұйымдардың басын қосқан жиын барысында еліміздің Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланып, ҚРКФ қызметінің алдағы бес жылға арналған басым бағыттары анықталды.  Шәкен Көпшікпаева – Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы Мәдениет үйінің директоры. Ол мұнда мәдениет саласы мамандарының шашбауын көтеріп келіп отыр. Оның айтуынша, мәдениет пен өнер саласының дамуы қоғам деңгейінің басты өлшемдерінің бірі. Съезд барысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы сайланып, ҚРКФ Бас кеңесінің құрамы бекітілді. Сондай-ақ, кәсіподақ жиынына қатысушылар пандемия дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіру, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейту және Еңбек адамының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған елдегі кәсіподақтар қозғалысын дамыту бағыттарын анықтады. Осылайша съезд делегаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдап, алдағы міндеттерді белгіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар