ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Кәсіпкерлікті дамыту

14:14, 3 желтоқсан 2019

Көші-қон мелекеттік маңызы жағынан өзекті мәселелердің бірі.  Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың кепілі де халықтың жайлы қоныстануында жатыр. Ұлан-байтақ жері бар қазақ елінің демографиялық жағдайы,  жұмыспен қамтылу деңгейі әр өңірде әртүрлі. Мемлекет тарапынан уәкілетті органдардың қызметі аясында ішкі миграцияның тыныс тіршілігі терең зерттеліп,  халық өсімі артқан оңтүстік өңірлерден халықты шығысқа көшіру үрдісі қолға алынды. Бағдарлама аясында аймаққа қоныс аударған Егенбердиевтер жанұясы мемлекеттік қолдаудың аясында ішкі нарықты зерттей келе өз кәсіптерін ашып, бастамаларының жемісін көруде. Мемлекеттік бағдарлама аясында көшіп келушілер баспанамен қамытылып қана қоймай, жұмысқа да орналастырылуда. Дегенмен бағдарлама ұсынған қолдауға қол жайып отырмай өз кәсіптерін бастап кеткен жандар да бар. Солардың бірі ерлі-зайыпты Мәди Егенбердиев пен Жазира Қалиева. Кәсіпкерлер ішкі нарықты зерттей келе, сұранысқа  ие мамандықтарды даярлау бойынша кәсібін бастаған.  Бастамалардың бірі «Бейбарыс» оқу орталығы. Орталық бүгінгі таңда аспазшы, есепші, хатшы-референт мамандарын даярлайды. Оқу орталығы мамандықтар бойынша оқытуды теорияға емес, іс-тәжірибеден өту процессіне негіздеген. Осы орайда ауылдық жерлерге қарасты елі-мекендерден іс-тәжірибеден өткізу мақсатында бірнеше мекемелермен келісім шартқа отырған. Жұмысқа орналастыру жағы да жоғары деңгейде. Мамандықты игерем деуші жандарға есік ашық, жас еркешелігіне де шектеу жоқ. Кәсіпкерлер оңтүстіктен көшіп келген өзге де жанұяларға көмек қолын созуда. Мәселен, шығыс өңіріне қоныс аударған Ғабит Қалдыбаев отбасымен өзіне таныс емес мекенге алғашында келуге жүрексінгенін айтады. Себебі, екі қолға бір күрек табылымай, жанұясын әбігерге салармын ба денеген уайым да болған. Дегенмен,  Мәди Егенбердиев пен Жазира Қалиеваның көмек қолы арқасында өз кәсібін ашқан. Бүгінгі таңда тұрғындарға шаштараз қызметін көрсетеді.  Ғабит Қалдыбаевтің айтуынша халқтың сұранысы жоғары. Бастама қолға алынғалы ұзақ уақыт болмаса да өз нәсібін беріп үлгерген. Мемлекеттік бағдарламаның берері көп. Қолдау болған тұста кез-келген шаруа өз нәтижесін берері сөзсіз. Ел экономикасының дамуына үлес қосып, өзін де өзгені де жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер қолға алған кәсібін өрге домалатып, бастаған істі аяқсыз қалдырмай жолында кездескен түрлі қиындықтарды еңсере білген.  Көші-қон бағдарламасының  шарапатын көріп отырған  олар өзгелерге білгенін үретуді қолға алған. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер шығыстағы туризм саласында дамытуды қолға алған. Бірнеше тың жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.  Сол мақсатта аймақтың өнімін, емдік шөптері мен өзгде де тауарларын оңтүстік өңірге тасымалдау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.Үнемі ізденісте жүретін кәсіпкер, бос уақыттың бола бермейтінін айтады. Оңтүстік өңірден шығысқа бет алуға жүрексініп жүрген азаматтардың алдында тұрған басты проблемалардың бірі  экономикалық тұрғыдан білімнің аздығы. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен  қазіргі нарықтық экономика жайлы заңдылықтарды көбірек біліп, терең түсініп, оны тәжірибе барысында пайдалана білуіне жол ашу керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар