ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҰСЫНЫСЫ ЕСКЕРІЛДІ

17:50, 23 қараша 2020

 «Қызыл аймақтағы» Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлері барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге әзір. Бизнес өкілдері жұмыс режиміне біраз өзгерістер енгізіп, жеңілдік беруді өтінді. Өткен аптада өз күшіне енген жаңа Қаулыға сәйкес фитнес залдар, көлік жөндеу-жуу орындары, сонымен қатар ателье сияқты бірқатар бизнес нысандар демалыс күндері жұмыстарын қайта жандандырды.Дерт дендеген шақта бизнес өкілдерінің шаруасы шатқаяқтағаны белгілі. Сол себепті жергілікті кәсіпкерлер палатасы «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтын» амалды қарастырып-ақ жатыр. Дегенмен, тәртіп барлығына ортақ. Палата облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерімен кездесу өткізіп, кәсіпкерлердің талап-тілектерін жеткізуге тырысты.Демалыс күндері және мерекелерде жұмыс істеуге байланысты жеңілдік сұраған кәсіпкерлер әлеуметтік желі арқылы да жанайқайларын жеткізіп жатты. Бизнес өкілдерінің өтініші ескеріліп, өткен аптада шыққан Қаулыға сәйкес енді фитнес залдары, көлік жөндеу және жуу орындары, тігін нысандары демалыс күндері арнайы жазылу арқылы тұтынушыларды қабылдай аладыОсы Қаулыдағы «жанар-жағармай бекеттері де алдын ала жазылумен жұмыс істейді» деген тұсы тұрғындар арасында біраз түсінбеушілік тудырды. Артынша бұл техникалық қателік екені жарияланып, жанармай станциялары штаттық режимде жұмыстарын жалғастыратын болды.Облыста тоқсаннан аса сауда үйі бар. Кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, сауда нысандарды жауапкершілікті өз мойындарына алуға әзір. Яғни, демалыс күндері қысқартылған режимде жұмыс істеп, дүйсенбіде санитарлық күн жариялауды ұсынып отыр. Енді алдағы күндері шығатын жаңа Қаулыда бұл мәселе ескерілуі ықтимал.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...