ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР МҮДДЕСІ

14:50, 28 шілде 2020

Карантин талаптарын сақтамаған тұтынушылар үшін кәсіпкерлер жауап бермейді. Дәл қазіргі сәтте бизнес өкілдеріне қойылар талап қатаң. Санитарлық шараларды сақтамау сияқты қарапайым шарттарды орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің қалтасы біраз қағылады. Дегенмен бизнес өкілдерінің мүддесін қорғайтын орган жауапсыз тұрғындар салдарынан кәсіпкерлік зардап шекпеу керек деген пікірде.

"Атамекен" ҰКП денсаулық сақтау министрлігі және санитарлық дәрігерлермен сақтық нормаларын сақтамаған тұтынушы үшін кәсіпкер емес, тұтынушының өзі айыппұл төлеуі керек екенін қарастырды. Санитарлық нормаларды бұзған кәсіпкерлер төлейтін айыппұл көлемі де аз емес. Айта өтейік, карантин басталғалы кәсіпкерлік субъектілеріне рейд тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін 5 мыңнан аса тексеріс жасалып, 740 нысаннан мыңнан аса талап бұзушылық тіркелді. Бизнес өкілдеріне айыппұл салынып, ескертпелер жасалды. Ал егер кәсіпкерлер тұтынушылар кеселінен құқығы бұзылған жағдайда жергілікті кәсіпкерлер палатасына жүгінулеріне болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар