ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

17:22, 30 шілде 2020

Қайырымдылық кез-келген қиындықты жеңеді. Семейде кәсіпкер әйелдер арнайы акция ұйымдастырып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті. Игі шараның алғашқы күні 50 отбасыға азық-түлік пен аса қажетті дәрі-дәрмек табыс етілді. Жуырда іскер әйелдердің бастамасымен жанашыр арулар қоры құрылған. Мақсаты – көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсету. Құрамында бизнес саласында табысты еңбек етіп жүрген 50-ден астам адам болса, оның ішінде көпбалалы аналар да бар. Игі бастамаға мұрындық болған олар қорға ақша жинап, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті. Акцияға тек Семей қаласының ғана емес, еліміздің өзге қалаларынан да кәсіпкерлер атсалысқан.

Қор мүшелерінің атап өткеніндей, тиісті азық-түлік пен дәрі-дәрмекті алып кету үшін арнайы орын белгіленген. Азық-түлік қоры бір айға жетеді, - дейді ұйымдастырушылар.  Алғашқы медициналық көмек ретінде берілген дәрі-дермектердің ішінде вирусқа және суық тиюге қарсы, ыстық түсіретін және өзге де аса қажетті препараттар бар. Жанашыр арулардың игі істеріне көпбалалы аналар ризашылығын білдірді. Қайырымдылық акциясы аясында барлығы 100 адамға азық-түлік пен дәрі-дәрмек табыс етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл бір реттік шара емес. Алдағы уақытта індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге арналған акция өткізу көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар