ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

КӘРІЗДІК ЖҮЙЕ ЖАҢАРАДЫ

17:35, 25 қыркүйек 2020

Семейде кәріздік сорғы станцияларын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық ескі құрылғылармен қатар, құбырлар ауыстырылуда. Себебі, олардың  жөндеу көрмегеніне шамамен 30 жыл болған. Әбден тозығы жеткен. Жобаны іске асырушы – Восток Строй компаниясы. Жоғарыда аталған жұмыстар шілде айында басталған. Жоба құны – 640 млн теңгені құрайды. Мердігерлер өздеріне жүктелген міндетті жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлауда. Дәл қазір құрылыстың тең жартысы аяқталған. Бүгінде жұмыстың 50 пайызы орындалған. Игерілген сомма  -  123 миллион теңге. Жұмысшылар енді жабдықтарды күтуде. Әлемді жайлаған індетке байланысты, жеткізу кешіктірілуде. Алайда, сала мамандарының сөзіне сүйенсек, жұмыстар кестеге сай, жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жауапты сала мамандары барлық құрылыс жұмыстары күн суытқанға дейін аяқталады деп сендірді. Желтоқсан айында нысанды толығымен тапсыруға уәде етті.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...