ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕАРНА МЕРЕЙТОЙЫ Толығырақ

КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

16:04, 16 мамыр 2018

Өскеменде 400-ге жуық адамды кене шақты. Олардың тең жартысы – бала. Қауіпті кішкентай өрмекші тектес кенелерге күн жылына салысымен жан бітеді. Көптеген аурулардың таратушысы болып табылады. Сондықтан шағып алған жағдайда тез арада алғашқы жәрдем жасау қажет. Мамандар осы кезеңде аса сақ болыңыздар дейді.

Бір қарағанда көзге аса еленбейтін, бірақ денеге жабысса, зардабы зор кенелер биыл да көп. Зиянды жәндіктер көбінесе шөбі қалың жерде тіршілік етеді, сондықтан қорғану үшін биік өкшелі аяқ киім, ашық түсті жабық киім киіп жүрген дұрыс дейді мамандар.

ЗАМИРА БӘКЕНОВА, ЭПИДЕМИОЛОГ :

«Кене шағу фактілері  Глубокое, Ұлан, Катонқарағай аудандары мен Риддер, Өскеменнің шеткі аудандарында тіркелді. Әсіресе көктемгі-жазғы мезгіл аса қауіпті. Сондықтан, табиғат аясына демалуға барғанда, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыздар».

Абырой болғанда, Шығыс Қазақстанда кене энцефалиті ауруы тіркелген жоқ. Бірақ маусым басталғалы 400 адамның денесіне кене жабысқан. Бұндай жағдайда үш күннен артық созбай, дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

 

АЙЖАН БУЖИНОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар