ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

12:47, 15 сәуір 2019

2018-жылғы облыстық бюджет есебі, өңірді дамыту бағдарламасының орындалуы барысы сала басшыларының басқосқан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХХIХ сессиясында сөз болды. Ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жобалар таныстырылып, атқарылатын жұмыс барысы талқыланды. Жиын барысында облысты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндама тыңдалып, өткен жыл қортындыланды. Әлеуметтік маңызды мәселелермен қоса, әдеп және заңдылық мәселелері көтерілді. 2019-жылғы бюджет бөлінісі мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы есеп берді. Сәби өлімі көрсеткішін азайту. Бірінші кезекте ана мен бала денсаулығын қорғау. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бұл бағытта көптеген іс-шаралар қолға алынған. Аудандардағы ауруханалардың материалдық-базасы бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Жаңадан босанған ана мен сәбиге дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында облыстағы 37 маман Ұлыбританияда, қосымша 400-ге жуық дәрігер мен орта медициналық қызметкер білім жетілдірді. Қатерлі ісіктен көз жұму көрсеткішін төмендету бойынша ауруды 1-2-кезеңінде анықтап, емдеу шаралары жүргізілуде. Облыстық мәслихатының кезекті ХХIХ сессиясында Өскемен қаласының «Бас жоспары», «2016-2019 жылдардарға арналған «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын бекіту туралы» тағы да басқа нормативті-құқықтық жобалар ортаға салынды.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар