ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

13:29, 8 ақпан 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мақала өскелең жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігінің артуына серпін бергені рас. Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында өңірде түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Аймақтағы киелі орындарға экскурсиялар жасалып, елдің мәдениет, білім салалары, спортқа өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалармен өкен кездесулердің де тәрбиелік мәні зор. Бұл орайда, Президент бастамаларын жүйелі және уақытылы ақпараттық ілгерілетуді қамтамассыз ету маңызды. Өңірдің Әділет департаменті «Қазақстан заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «дөңгелек үстел» өткізді. Мақсат – мемлекет басшысы атап өткен нақты мәселелерді шешуге бағытталған бастамалардың маңыздылығына ерекше назар аудара отырып, сараптамалық пікірлерді дайындау.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...