ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Кедергісіз жол

09:16, 6 қараша 2019

Бей-берекет қойылған көліктер легі шақыртумен жеткен өрт сөндіру қызметіне кедергі келтіреді. Бір ғана Өскеменнің өзінде жылдан-жылға жеке автокөлік санының өсімі байқалады. Әдеттегідей, көппәтерлі үй  ауласына  «темір тұлпарын» қойған көлік иесі жедел іс-әрекетті қажет ететін өрт-құтқару қызметі техникасының емін-еркін қозғалысын  тежейді. Бұл өз кезегінде төтенше жағдай орын алған жерге дер кезінде жетуге айтарлықтай қиындық туғызады. 26 қазан күні  Молдағұлова көшесі бойындағы тұрғын үйдің 5-ші қабаты өртке оранды. Үй иесі мен оның жұбайы көк түтін жайлаған пәтер ішінен балалары мен туыстарын алып шықты. Сәлден кейін үй иесі есін жинап, электр қуатын өшіруге бет алғды. Үйге қайтып келіп, өшіруге талпынғанымен улы газдың исіне шыдамай біраз кідіруге тура келген. Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің дереу жетуіне ауладағы жол бойына қойылған тұрғындар көліктері кедергі келтірген. Алайда, бұл орын алған жағдай жергілікті автокөлік жүргізушілері арасында еш  алаңдаушылық тудырмады. Тіпті, жұмыс қызған кезде де аулада өрт сөндіру техникасының арлы-берлі өтуіне мүмкіндік болмады. Өз кезегінде тұрғындар көліктерін үй алдына қоюдан басқа амал жоқ екендігін айтады. Бұл облыс орталығының көптеген аулаларындағы көрініс. Мамандар өрт сөндіру  машинасы аулаға еркін енуі үшін ондағы жолдың  ені кемінде 2,5 метр болуы қажет дейді. Өскеменде өрт сөндіру бөлімдері жеткілікті. Бірнеше минутта діттеген жеріне  жетеді. Ең бастысы, өрт шыққан үйге  апаратын жол ашық болса болғаны.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар