«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы шешуші кезеңге жақындады

17:59, 11 қазан 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

Басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру бірнеше кезеңдерден тұрады.  Бастапқыда өтініштер қабылданып, әрі қарай жұмыс тобы мен сарапшы комиссия қоғамдық пікірге сүйене отырып, шамамен 300-ге жуық адамды іріктеді. Соңғы кезеңде 100 esim.el.kz сайтында жалпыхалықтың олайн – сайлау негізінде 100 жаңа есім анықталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...