ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

«ҚАЗАҚФИЛЬМНІҢ» ҰЛТТЫҚ СТАТУСЫН ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ

16:45, 13 сәуір 2018

Қазір еліміздегі кино саласының төңірегінде дау өршіп тұр. Себебі, "Кинематография туралы" заң жоқ. Ал, оны қабылдамай саладағы күрделі мәселелердің түйінін тарқатуға мүмкіндік жоқ. Алматыда бірқатар сенатормен кездескен отандық киногерлер осыны айтты. Олардың сөзінше, қазақ киносының қарашаңырағын жекеге беру, тарихи ғимаратты Астанаға көшіруге ешқандай негіз жоқ. Өйткені, Алматы – қазақ киносының өркендеген жері. Оған қоса, қазір киногерлердің 95 проценті аталған мегаполисте тұрады. Жалпы, "Қазақфильмге" биыл қазынадан 14 млрд 500 млн теңге бөлінген. Егер, "Кинематография туралы" заң қабылданса, келешекте бөлінетін қаржы екі есеге көбеюі мүмкін.

БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 

Жалпы Ұлттық киноныжағдайын ойласақ осы Қазақфильм мына мемлекеттің 51 пайызы қала беру керек деген өз жеке меншік ойым осындай. Себебі, бұл идеологиямыз. Бұл тек қана сатып өндіру емес. Бұл шынында да мына Рухани болашағымыздағы рухани жағдайымызды ары қарай жалғастыру үшін, оны нығайту үшін соған қажетті нәрсе.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар