ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Қауіпті ойыншықтар

14:14, 11 желтоқсан 2019

Бұл күндері ешбір жаңажылдық мереке отшашусыз өтпейді. Кез-келген адам айтулы мейрамды есте қаларлықтай етіп өткізуді құп көреді. Алайда, тұрғындар бұл бұйымдардың сапасына көп жағдайда мән бермейді. Салдарынан дене жарақаты, күйік немесе өзге де қайғылы жайттар орын алуы мүмкін. Мұндай оқиғалардың алдын-алу үшін нені білу керек? Келесі бейнематериалда. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жалпыхалықтық мерекелерді үрейлене күтеді. Дәл осы уақытта олар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Өйткені, жаңажылдық тауар сатушылардың басым бөлігінде қажетті құжаттар жоқ. Сондықтан да, олар көбінде сертификатталмаған бұйымдар саудалайды. Салдары түрлі деңгейдегі дене жарақатына әкеп соқтырады. Мамандар мерекелік атқыштарды ҚР Ішкі істер министрлігінің лицензиясы бар, арнайы жабдықталған сауда орындарынан алуға кеңес береді. Сондай-ақ, сатып алған фейерверктерді тек қана ашық алаңда пайдалану керектігін айтады. Жанында ағаш, жоғары вольттық сымдардың, тұрғын үйлер мен адамдардың болмауын қатаң қадағалаған жөн. Полицейлер болса, заңсыз сауда иелерін тұтқындап, тауарларын тәркілеп, істі сот қарауына жібереді. Статистикаға жүгінсек, атқыш заттар қолданудан шыққан өрт саны бойынша, жаңажылдық демалыстар алдыңғы орында тұр. Мәселен, өткен жылы бір ғана Өскеменде осындай 9 оқиға тіркелді. Таяу уақытта төтенше жағдай мамандары мен полицейлер бірлесіп, рейдке шығады. Мақсат – пиротехника сататын барлық сауда нүктелерін тексеріп қайту.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар