ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

13:36, 8 ақпан 2019

Құтқарушылар, әлеуметтік қорғау мен тұрғын үй бөлімі мамандары аз қамтылған және көпбалалы отбасылары тұрып жатқан жеке тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп, рейд ұйымдастырды. Өрт сөндірушілер газға қарсы арнайы датчиктер орнатып, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Толығырақ келесі бейнематериалда. Әлеуметтік қорғау бөлімінің мәліметіне сәйкес, Өскеменнің жеке секторында бұл күні 100-ден аса отбасы тұрып жатыр. Ведомство мамандары рейд барысында сол үйлердің тұрмысымен танысып, жағдайын тексеріп өтті. Мониторинг нәтижесі бойынша тиісті көмек көрсетілетін болады дейді жұмыс тобы мүшелері. Рейд аясында құтқарушылар арнайы датчиктерді орнатты. Облыс бойынша жеке тұрғын үйлерге қазір ондай 100-ге жуық қондырғы қойылды. Олар төтенше жағдайдың алдын алуға көмектеседі дейді мамандар. Сақтансаң – сақтайды. Қалай болғанда да пешті пайдалану ережелерін ұстанып, абай болу – тұрғындардың қолында. Жылу беру маусымы басталғалы Өскеменде 10 мыңға жуық тұрғын үй иелерімен пешті пайдалану жөнінде нұсқаулық сағаттары өткізілді. Апта сайынғы тексерулер өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, саяжай серіктестіктерінде жағдай өзгеріссіз. Жыл басынан бері түрлі себептермен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың арасында пеш жаққанда қауіпсіздік ережелері сақталмаған фактілері де бар.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар