ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы

18:06, 14 ақпан 2020

Өскеменде жол қызметкерлері мен облыстық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы қыста қауіпті деп танылған жол учаскелерін қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы Өскемен – Алтай- Рахман қайнары бағытындағы жолда ұйымдастырылды.

Облыс орталығында 12-14 ақпан аралығында өткен «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы апатты жағдайларды болдырмауға негізделген. Құзырлы орындар жүргізген рейд жұмыстары кезінде автомобиль жолдарының қалың қар басып қалған аумақтары жіті тексерілді.

Мамандар облыс аумағындағы жолдар үнемі бақылауда ұстайды.  Бірлесіп қолға алынған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар