ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ҚАУІП-ҚАРДАН!

17:56, 13 қазан 2020

Қар көшкінінен қорқып, қыс бойы балаларын пештің артына ұйықтатын жандар бар. Олар Алтай ауданы Зубовск ауылының тұрғындары.   Шығыс Қазақстан елімізде қар көшкіні қауіпі көп төнетін аймақ. Ал ең қауіпті аумақ Алтай ауданы. Осы уақытқа дейін облыстың таулы аймақтарында 500-ден астам қар көшкіні болған. Соңғы 20 жылда Зубовск ауылында көшкіннен қорғайтын қорғаныстың құрылысы болмаған. Биыл жаңа жоба қолға алынды. 1977 жылы Зубовск ауылын көшкін қар басып, 20-дан астам үйдің шаңырағын ортасына түсірген. Соңғы қатерлі жағдай 2013 жылы болған. Таудан көшкен 2000 шаршы метр қар мектепке қауіп төндірген. Ал 30 жылда жол бойында 2500 көшкін болып, оның кейбірі орасан зор шығынға батырған. Қар басса Зубовск ауылының үрейі ұшады. Көшкін қардан қорқып жандарын шүберекке түйіп жүріп, көктемге әрең жетеді.   Қайта - қайта қар астында қалғаннан мезі болған әкімдік жаңа бір шара ойлап тапты. Ол – ауылдағы нысандар мен тұрғындарды көшкіннен сақтайтын арнайы құырлғылар орнату. Бұл жоба биыл маусым айында қолға алынған. Құрылғы шахматтық тәртіппен орналастырылған. Бір - бірінен 35 метр қашықтықта сатылар қойылған. Әрқайсысына ені 3 метрлік қалқаншалар бекітілген. Ең төменгі қорғаныс саты жолдан 160 метр қашықтықта орнатылды.  Бұндай қорғаныс құрылғылары жол бойында ғана емес, енді тау беткейлеріне де орнатылған. Жоба сәтті болса Зубовск ауылының тұрғындарының биылғы қысқы ұйқысы тыныш болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар