ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ТУРИЗМ ТЫНЫСЫ

14:25, 3 тамыз 2020

Катонқарағай ауданы көз тоймас көрікті табиғаты мен таңғажайып өсімдіктер, жануарлар әлемімен атақты. Биылғы жылы  демалушыларға  мұнда қандай жағдайлар жасалады? Туристердің ағыны қандай болмақ?

Катонқарағай – Шығыстың інжу маржаны. Алқапты ну ормандары, шалғынды жерлері, мөлдір таза көлдері, таулы шыңдары бір сөзбен айтқанда, табиғатының әсемдігіне сөз жетпейді. Катонқарағай ауданындағы туризмнің негізгі түрлері экологиялық, ауылдық, емдік-сауықтыру. Ауданда ұлттық саябақ, қонақүйлер, демалыс лагерлері мен жас техниктер станциясы орын тепкен. Бұған дейін  мұндағы табиғат әсемдігін тек  шетелдік туристер бағалап келген болса, биыл індетке байланысты Қазақстанның әр өңірінен келетін демалушылар  легі де өлке табиғатына тамсанатын болады. Катонқарағай ауданы маралдарды өсіріп, бағалы дәрілік панты деп аталатын шикізаттарды алумен айналысады. Бұның құрамында биологиялық тұрғыдан белсенді заттар болғандықтан, әлемдік деңгейде өзіндік бағасын алуда.  Катонқарағай ауданында пантымен емделу процедурасы туристер арасында жылдан-жылға  танымалдылығын арттырып келеді. Бұл жерге келген демалушылар сондай-ақ денсаулығына қажетті ем-дом шараларын жүргізе алады.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...