ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

17:56, 9 шілде 2020

Суық, жансыз әрі мұздың еруінен пайда болған көлдер. Облыс аумағында олардың саны – 146.  Мұндай су айдындары салдарынан сел жүру қаупі басым болады. Сәйкесінше, ШҚО "Қазселденқорғау" филиалы мамандары мұздықтан пайда болған көлдер жан-жақты зерттеп, бақылау жүргізеді. Мамандар сондай-ақ ауа райының күрт жоғарылауы салдарынан облыстың 13 бірдей елді мекеніне аталған көлдерден зардап келеуі мүмкіндігін айтуда.  Осындай қауіпті болдырмау мақсатында, қазіргі таңда көлдерді аэровизуалды зерттеу жүргізілуде. Айта кету керек, мұндай су айдындары көбінесе Зайсан, Катон – Қарағай, Зырян және Риддерде орналасқан.Облыста сел, су тасқыны және көшкін жағдайы тұрақты екенін де айта кеткен жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар