ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛАДЫ

21:00, 11 қыркүйек 2019

Елімізде Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады.  Мәжілістің жалпы отырысында тиісті келісімді ратификациялау туралы  құжат мақұлданды. Банк энергетика, жасыл экономика, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау сияқты салаларды қаржыландырады. Сонымен  қатар кәсіпкерліктің тынысын кеңейтеді. Құжатта Қазақстанның заңнамалық актілерде көзделмеген  валютаның айырбасталуы, қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ банктің активтері мен кірістерін салықтан босату жөніндегі нормалар белгіленеді. Ал жеке компаниялар тікелей осы қаржы ұйымына шығып, несие ала беруіне мүмкіндік бар.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобасы болса, екінші оқылымда мақұлданды. Ол депуттатардың бастамасымен әзірленген еді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...