ШҰҒЫЛ! КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕДІ

13:23, 12 шілде 2018

410 млн. 600 мың теңге. Бұл игерілмей қалған қаржы көлемі. Облыстық кеңесте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанда бюджеттің шығыс бөлігі 99,7 пайызға орындалғаны айтылды. Сонымен бірге, облыс орталығы мен бірқатар аудандар 6 млн. 400 мың теңге көлемінде ақшаны игеріп үлгермеген.

Қаржы басқармасы басшысының айтуынша, бюджеттің толықтай орындалмауына жұмыспен қамту бағдарламасының жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға арналған грант ережелерінің бекітілмеуі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу  конкурстарының өткізілмеуі себеп болды. Ал басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері болса, «тауарды жеткізу туралы құжаттардың, мемлекеттік сатып алу конкурстардың болмауы мен сот өндірістері салдарынан ондаған миллион игерілмей қалған» дейді.  

ЛӘЗИЗА КЕНЖЕТАЕВА, ШҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Конкурстық процедуралар екінші жартыжылдықта да қаражатты игеру мәселесіне ықпалын тигізуі мүмкін. Мәселен, Семейге жақын Ақсай кентіндегі су құбыры құрылысына қатысты конкурс шілдеде ғана жарияланатын болады. Сонымен бірге, өңірде жалпы құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын 17 жоспар бойынша конкурстық процедуралар әлі де жалғасуда. Жалпы, жылдың соңына дейін облыс бойынша 192 млрд. 700 млн. теңгені игеру көзделген».

Есепті тыңдаған аймақ басшысының орынбасары Ерлан Аймұқашев жауаптыларға 15 тамызға дейін конкурстарды уақытылы өткізу керектігін ескертті. Облыстық әкімдікте  бюджеттің орындалуымен қатар, астық жинау науқанына дайындық барысы талқыланды. Биыл бюджеттен тұқым өсіру шаруашылығына 4 млрд.теңге бөлінсе, гербициттерді сатып алуға 800 млн. теңге бағытталды. 

АСҚАР ЖАҚЫПБАЕВ, ШҚО А/Ш БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Астық жинау науқанына барлық шаруа қожалықтары дайын. Қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Басқарма ауыл шаруашылық техникаларының есебін автоматты түрде жүргізу жобасын жасады. 20 шілдеге дейін бағдарлама барлық аудан, қалаларда  тестілеуден өтеді.  Ал қыркүйек айында Қарағанды қаласында өтетін форумда көпшілікке таныстырылады».

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы   Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, биылғы жылдың 5 айында  315 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Жанар-жағармай проблемасы да туындамайды. Астық жинау науқанына қажетті 25 мың тонна дизелді отынның жартысы беріліп те үлгерді.

 

ОКСАНА ЧЕРТКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар