ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ

20:00, 22 мамыр 2019

Елімізде қаржы нарығын реттеу агенттігі құрылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын дамытуға қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылады. Бастысы салық салу саласындағы кемшіліктер жойылады.Жаңа агенттіктің пайдасы қандай болмақ, тиімділігі неде? Әріптесімнің материалынан біле аласыздар.Жаңа заң қаржы қызметін тұтынатындардың құқығын қорғауы тиіс. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинның айтуынша, Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қаржы секторын реттейтін жаңа дербес орган құрылады. Бұл банк секторының жұмысын реттейді.Бұл ұйым тікелей Президентке есеп береді. Ұлттық  банкі  пен жаңа агенттіктің қызметі тығыз үйлеседі. Отырыста айтылғандай салықты есептеудегі қателіктерге қатысты азаматтардың шағымдары тиісті жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау керек. Ең бастысы, салықпен тікелей қатысты министрліктердің деректер базасының интеграциясын аяқтау қажет. Яғни, аға тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-кредит саясаты, валюталық реттеу және төлем жүйелерін дамыту көзделген. Заң жобасының басым бөлігі тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Өйткені қазыр әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмай тұр.Әсіресе тұтынушылық несиеге қатысты. Кредиттік мекемелер, ломбард,онайлан-несие беретін ұйымдардың жұмысы реттеледі. Өйткені оларға қадағалау жоқ, қанша пайызбен қарызға берем десе де өз еркі.Яғни қадағалау органы екі мыңға жуық ұйымның жұмысын реттейді, есептік тіркеуге тұрғызады деген сөз.Құжатқа сәйкес,  валюталық заңнама аясындағы бұзушылықтарды жою Ұлттық банк талаптарын орындамағаны үшін банктерге 15 АЕК - 37 875 теңге  мөлшерінде  әкімшілік жаза қарастырылған. Осы орайда жыл ішінде бұл әрекет екінші деңгейлі банктер тарапынан қайталанса,  15 АЕК  сомасында айыппұл салынады. Бұл банктер үшін теңіздің ішіндегі тамшыдай ғана екені түсінікті. Сондықтан екінші оқылымға дейін банктердің деңгейіне сай айыппұлды енгізу керектігі айтылды. Жалпы, 2018 жылы қаралған азаматтардың істердің  42 пайызы банктік дауларға қатысты. Шарттар қарапайым адамға түсініксіз, шарт жасасқанға дейінгі ақпараттық кезең қарастырылмаған. Бұл олқылықтың орны да жойылады.Қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігі Алматыда орналасады. Агенттік жұмысын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. Құжатты депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар