ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

15:45, 3 шілде 2020

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласының құрылыс бөлімімен көлік инфрақұрылымының ірі жобалары қарқынды жүзеге асырылып келеді. Айталық, сондай ірі жобалардың бірі – Есенберлин көшесінде   жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары. Есенберлин даңғылы бойында құрылыс жұмыстары қызу. Игі жоба арқасында болашақта Сәтпаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесі аралығындағы кептеліс легі азаяды. Сондай-ақ тағы бір қуантарлығы 23-ші шағын ауданға немесе Меновное кенті жағынан қалаға кірмей-ақ тікелей ЖМК ауданына баруға  мүмкіндік туады. " Востоквзрвпром " ЖШС директорының сөзінше компания  жер төсемін дайындау жұмыстарының бірінші кезеңін  бастап кетті. Есенберлин  көшесінде  ұзындығы 1760 метрді құрайтын құрылыс жұмыстары жоспарға сай осы жылдың аяғында аяқталады. Сондай-ақ,  жаңа аялдамалар салынады.  Игі жоба арқасында жұмыспен қамту мәселесі де өз шешімін табады. Халық игілі жолында атқарылып жатқан мұндай жобалар бірінші кезекте жұмыссыздар мәселесін шешіп, инфрақұрылымның дамуына айрықша үлес қоспақ.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
14:16, 10 тамыз 2020
ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар