ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Қару тапсыру

14:18, 6 тамыз 2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінде 300-ге жуық мерзімді қызметтегі сарбазға қару салтанатты түрде тапсырылды. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде әскерде оқу кезеңі басталар алдында өткізіледі.Қару тапсыру рәсімі сарбаздар үшін маңызды күндердің бірі. Жас жауынгер курсы кезінде олар қарудың сипаттамасын, оның жауынгерлік мүмкіндіктері мен маңызын, сондай-ақ атыс қаруымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларының талаптарын зерттейді.Әрбір атыс қаруыдың сериялық нөмірі, оның атауы мен берілген күні әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжатына, сондай-ақ бекіту ведомосына жазылады.Рәсімнен кейін сарбаздардың салтанатты шеруі өтті, ал бірнеше күннен кейін олардың алғашқы тәжірибелік ату сабақтары жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар