ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ ТҮРМЕ ТІРШІЛІГІ

13:53, 10 қыркүйек 2020

Әлемді жайлаған індет адамзат баласына оңайға соқпағандығы белгілі. Дендеген дерттің салдары темір торға тоғытылғандарға да әсерін тигізбей қоймады. Онсызда темір қапаста төрт қабырғаға қарап, терезеге телмірген жазасын өтеушілердің жалғыз жұбанышы ет жақындарымен ара-тұра болсын кездесіп тұру еді. Індет басталғалы бұған да шектеу қойылған.  «Әр істің бір қайыры бар» демекші, наурыз айынан бері тыйым салынған қысқа, ұзақ мерзімді кездесулер түзеу мекемелерінде біртіндеп қалыпқа келуде. Сотталушылармен кездесуге рұқсат берілді деген хабарды естіген Айнұр Құсайынова алғашқылардың бірі болып, жан ұшырып жолдасымен жүздесуге асыққан. Ал адам өлтіргені үшін сотталған Денис Иванов 15 жылдың әлі 10 жылын өтеуі тиіс. Карантиндік шектеуге байланысты 9 ай бойы отбасымен кездесе алмаған. Жақында дүниеге есігін ашқан сәбиін де көріп тұрғаны осы. Коронавирус инфекциясының жұқтыру қаупінің әлі де барын ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат бір ғана ересек адамға, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда ғана беріледі. Талдау нәтижесі берілген мерзімнен бастап 5 күннен аспауы тиіс. Ал қысқа мерзімді кездесулер барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараны сақтай отырып, әдеттегідей тәртіпте беріледі. Бұл шаралар сотталғандардың қауіпсіздігі үшін жасалынуда. Қаладағы ОВ-156/3 түзеу мекемесінде 428 адам жазасын өтеуде. Салаға жауаптылардың сөзінше, кездесуге ресми түрде рұқсат етілген кезден жүздесуге өтініш білдірушілер саны күн сайын артқан. Мұнда барлық талаптар қатаң сақталынып қана қоймай жазасын өтеушілермен кездесуге келген әрбір адамның дене қызуы да тексеріледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар