ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА? Толығырақ

КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ

17:17, 12 қаңтар 2021

Карантин кезіндегі кәсіпкерлердің үміті мен күдігі басылып, шектеу шаралары жеңілдетілгеннен соң бірқатар кәсіпкерлер өз жұмыстарын бастады.  Уақытша жабылған шағын бизнес нысандары қайта ашылуда.  Осы орайда сұлулық салондарында санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар қалай сақталуда?  Тілшіміз тарқатсын. Шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін шығынға батқан шаштараздар бірден қызметтеріне кірісіп кетті. Бірақ, әдеттегідей емес, алдын ала жазылу арқылы ғана қабылдайды.  Сұлулық салонының қызметкерлері келушілерді қуана – қуана қарсы алуда. Өңірдегі  шаштараздарда санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп қатаң сақталған. 2019 жылдың желтоқсанындағы статистикаға көз жүгіртсек, Қазақстанда қазіргі таңда 1,6 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, қызмет етуде. ШОБ субъектілері санының өсуімен қатар олардың ұлттық экономикаға қосқан үлесі де артуда. Дәл осы жылы Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 29,5%-ды құрады. Онда қызмет ететіндердің саны – 3 миллион 268 мың адам. Яғни, еліміздегі еңбекке қабілетті әрбір үшінші адам нәпақасын осы саладан тауып келеді. Палата өкілі өз жұмысын бастаған барлық кәсіпкерлерді  санитарлық – эпидемиялогиялық талаптарды сақтауға шақырады. Айта кетейік, кейбір кәсіпкерлерге әлі де жексенбі күндері жұмыстарын жалғасыртуға рұқсат берілген жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ
17:17, 12 қаңтар 2021
КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...