ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАРАҒАЙЛЫДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ

14:19, 21 қыркүйек 2020

Семейдегі «Қарағайлы» шағын ауданында жол құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоба Омбы-Майқапшағай тасжолы мен кварталішілік жолдарды қамтиды. Бұл жұмыстар осы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар тас жол. Қазір мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.  Жобаны іске асыруға көптеген жұмысшылар  мен арнайы техникалардың жұмылдырылуы жоспарланған жұмыстарды уақытында аяқтауға мүмкіндік береді. Жол құрылысы республикалық маңызы бар автокөлік  жолын ғана емес, Жангелдин көшесін де қамтиды. Жоба құны 1 млрд 550 млн теңге. Қазіргі уақытта 80%  жұмыс аяқталды. Жол жөндеуге «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмысшылар тартылған. Биыл жол төсемдерін салуды толығымен аяқтау жоспарлануда. Жолдың ені 15 метр. Бұл жұмыстарды осы жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда. Жол төсемінің астына геотекстиль салынады. Сондай-ақ, жолдың екі жағында ені 2 метр велосипед жолдары жасалады. Жобаға сәйкес жол қоршаулары, жүргіншілер жолы, төсеме тастар, дренаждық жүйе орнатылады. Сонымен қатар, «Қарағайлы» шағын ауданының кварталішілік жолдарының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында үш заманауи аялдама, жарықтандыру және бағдаршамдар орнатылады.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар