ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Қар тазалау қарқыны

14:29, 14 қаңтар 2020

Жылдағыдан қалың түскен қар, көлік қозғалысын қиындатып, тұрғындарды әуреге салуда. Қала ішіндегі тазалыққа жауапты коммуналдық мекеме қызметкерлері дамылсыз жұмыс істегенімен, нәтиже көңіл көншітерлік емес. Кейбір көшедегі аялдама мен жаяу жүргіншілер жолының маңы қар үйiндiсiнен арылар емес. Бұл әсіресе, жол қозғалысына кедергі келтіруде. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы.  Өкініштісі, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдің дәл жанында үйілген қар жүргізушілерге де, жүргіншілерге де қиындық тудыруда. Қардың дұрыс тазаланбауынан халық қиналып кеттік дейді. Өйткені, қар күресінен  келе жатқан көлік көрінбейді. Дәл сол секілді заулап келе жатқан көлік, қар үйіндісің артында тұрған адамды байқауы екіталай. Қар тазалауға арналған күштің бәрі үлкен көлік жолдарына бөлінген. Ал, кішкентай көшелердің жөні бір бөлек. Мәселен, Метталург көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған өткел белгісі бар, бірақ өткелдің өзі жоқ. Себебі, үйілген қардан көрінбей қалған. Жүргіншілер әрі-бері өтіп, жалғыз аяқ жол салып алған. Лев Толстой мен Қабанбай батыр көшелеріндегі жағдай дәл Назарбаев даңғылының кебін киюде. Жүргізушілер мен жүргіншілер бір-бірін көрмей, әбігерге түсуде. Ойда-жоқта үйіндінің артынан атып шыққан адамды көлік жүргізушісі көрмей қалса, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Айта кету керек, қысқы маусым басталғалы бері полицейлер коммуналдық қызметкерлерге 27 ұйғарым жазып берген. Ұйғарымды орындамағаны үшін 3 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Ал қалалық әкімдік қызметкерлері өз кезегінде  орын алған жайт бойынша түсініктеме беруден бас тартты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар