ШҰҒЫЛ! ШҚО тағы 1 адам індет жұқтырды Толығырақ

Қаңғыбас иттер әлегі

14:32, 14 қаңтар 2020

«Қаңғыбас иттерден әбден үрейлендік». Осындай шағыммен Өскемен қаласының тұрғындары телеарнамыздың редакциясына хабарласты. Көше кезген иесіз иттер балаларға шабуыл жасай ма деп қорыққан жұртпен тілшіміз тілдесіп қайтқан еді. Сюжетке назар салыңыз. Өскеменнің іргесіндегі ықшам аудан тұрғындары өз қауіпсіздіктеріне алаңдаулы. «Тіпті, балаларды далаға шығарудан қалдық» дейді жұрт. Баланы қойып үлкендердің үрейін ұшырған қаңғыбас иттер қатары көбеймесе азаяр емес. Аталмыш мәселе кент тұрғындары тарапынан жауапты мекеме өкілдеріне бірнеше рет айтылған-ды. Дегенмен, түйткілдің түйіні әлі күнге дейін тарқамай тұр. Ал бұл іске жауапты ветеринария бөлімінің мамандары «қаңғыбас иттердің санына жетіп болмаймыз» деген жауап қатты. Айтуларынша, жұрт әуелі жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне өтініш жазуы керек екен. Қаңғыбас иттерден зардап шеккендер саны аз емес. Дәрігерлер былтыр 823 тұрғынға көмек көрсеткен.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
18:20, 22 мамыр 2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
Толығырақ...