ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

Қалжыңсыз комедия

10:26, 10 ақпан 2020

Қалжыңсыз комедия. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахнасында орыс жазушысы, әлем әдебиетінің классигі, драматург Антон Павлович Чеховтың «Чиновниктің ажалы», «Жуан мен жіңішке», «Қымбат ит», «Хамелон» сияқты тағы да басқа сыни, сатиралық мазмұндағы әңгімелер топтамасы қойылды. Бұл бірегей спектакльді сахналау және қазақ труппасымен жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, петропавлдық режиссер Батырбек Шамбетов арнайы шақырылды. Тақырыпты әріптесім Арайлым Нығметоллақызы жалғастырады.

Спектакль ұзақтығы 1 жарым сағат. Әрбіреуі  10-15 минутқа созылған бірнеше оқиға желісі алма-кезек ауысып, әрқилы сәттерде алуан күй кештірді.

Бұл қойылымның тағы бір ерекшелігі, бір актер бір емес, бірнеше рөлді сомдап, түрлі кейіпте танылды.

Чеховтың әңгімелер топтамасын тамашалауға келген  жергілікті режиссерлер театр репертуарында бұрын-соңды болмаған бірегей туынды пайда болғанын айтады.

Әлемдік сахнаға жол тартып, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашып көрсеткен Антон Павлович Чеховтың шоқтығы биік туындыларын жергілікті өнерсүйер қауым жылы ықыласпен қабыл алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар