ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАРАТАЛ?

14:09, 7 қыркүйек 2020

Тұтқиылдан соққан дауыл Зайсан ауданы Қаратал ауданының халқын әбігерге салды. Аудан емес, облыстың атқа мінерлерін аяқтан тік тұрғызған Қараталдағы апат төртінші қыркүйек күні болған. Қазақ «төсек тартып жатқанның өзі тік отыруы тиіс» деп ырымдайтын елең - алаң уақыт, сағат алтыда 34 баспананың астаң кестеңі шықты.   Айтып келмейтін апаттан қашан да бейғам жұрт у-шу болды да қалды. Бес күн жұмыстан соң арқаларын енді кеңге салған талай басшы атқа қайта қонды. Облыстық Төтенше жағдай мамандарынан бастап, депутаттар мен жергілікті мердігерлер де ағылды. Демалыс күні Қараталға жетіп, бірден іске кірісті. Ауылдықтар да қарап жатпай, апаттан зардап шеккендерге қолұштарын созды. Апат  34 үйдің іргесін сетінетті.  Отыз төрттің оны апатты жағдайда. Апаттан 9000-нан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Ал шығын көлемі 3 миллион теңге.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар