ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҚАЛАМГЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

13:32, 12 наурыз 2019

ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы, еліміздің Құрмет грамотасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, облыс әкімі сыйлығы сияқты марапаттар иегері Шәкерхан Әзмұхамбетовтың шығармашылық кеші сәті келген сұһбат болды. Қалалық, облыстық ардагерлер кеңестері, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттері мен кітапхананың бірлескен ісі жас ұрпақ тәрбиесіне арналды. Шәкерхан Әзмұхамбетов 1942 жылы 5 мамырда Тарбағатай ауданы, Маңырақ атақонысында туды. 1949-1959 жылдары Калинин жетіжылдық, Ақжардағы Абай атындағы мектептерінде оқыды. Сол жазда қазіргі әл-Фараби университетінің филологиясына түсіп, бітіреді. Еңбек жолы мұғалімдіктен басталады. Үшжылдық әскери борышын өтеді. 1966-1972 жылдар аралығында Шәкерхан Әзмұхамбетов Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады. 1972-1991-жылдары - Марқакөл, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандары бойынша облыстық «Рудный Алтай» газетінің меншікті тілшісі. Тәуелсіздік туы желбірегенде, Шәкерхан-аға демеушілер қаржысына басылған «Веха» - «Ізгілік үні» атты қос тілдегі газеттің редакторы болды. Шәкерхан-ағаның материалдары жарты ғасыр ішінде талай басылым бетін көрді. «Казахстанская правда», «Страна и мир», «Аграрный Казахстан», «Караван» тәрізді республикалық газеттер мен «Простор» журналында, ал ана тілінде облыс айнасы «Дидар» мен «Өтүкен» альманағында жарияланды. «Соколиная судьба», «Үкілі найза ұстанған үш бәйжігіт» сияқты оқырман жүрегіне жол тапқан кітаптары бір төбе. Қаламгердің шығармашылық кеші бүгінгі жас журналистерге сабақ болды. Жазу стилі, тақырып таңдау, көздегенін зерттеп, зерделеу, архивті пайдалана білу сынды қалам ұстағандарға тән қасиеттеріне баулитын ойлы сөз айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар