ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

Қалаға шығу және кіру шектелді

13:25, 2 сәуір 2020

Бүгіннен бастап Өскемен және Семей қалаларындағы барлық бақылау-өткізу пунктері іске қосылды. Қос шаһарда жалпы саны 15 пункт жұмыс істейді. Осылайша, қалаға шығу және кіру шектелді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгін түнде бақылау-өткізу пунктеріне барып, жағдайды көріп қайтты.

Өскемендегі 7, Семейдегі 8 блок посттар жіті жұмысын бастап кетті. Шаһарға тек тұрғылықты мекен-жайы қалада тіркелген азаматтар ғана өткізіледі. Сонымен қатар, азық-түлік, медикаменттер сияқты қажетті заттар да кедергісіз кіргізіледі. Қос шаһардағы бақылау-өткізу пунктерінде 400-ден аса полиция қызметкерлері, мыңнан аса әскерилер жұмылдырылған. Олар екі ауысымда 12 сағаттан жұмыста. Қосымша тағы бір ауысым қарастырылған. Өскемен мен Семей 402 шаршыға бөлінді. Олардың бәрі полицияның учаскелік пункттеріне байланыстырылған. Сондай-ақ, 49 мобильді бекет жұмыс істейді. «Біздің аймақтың ең ірі қалаларында 700 мыңға жуық адам тұрады. Облыс халқының жартысынан көбі. Сондықтан бұл амалсыз, бірақ осы күннің қажетті шарасы» деді аймақ басшысы Даниал Ахметов. Қала ішіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де барынша күш құрылымы жұмылдырылды. Патрульді полиция қызметкерлінен басқа, Ұлттық ұлан сапындағылар да қала ішіндегі жағдайды назарларында ұстайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар