ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ

14:16, 10 тамыз 2020

Биыл Семейде 20 көше жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа қаржы жергілікті бюджеттен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген. Бұдан бөлек, мәлім болғандай, бүгіннен бастап, жолдардағы жөндеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізілетін болады. Қазірде қалада орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 млрд 200 мың теңге бөлінген. Аталмыш қаржыға Семейдегі 9 көше жаңартылады. Олардың қатарында, «Семей-Қарауыл» тасжолының 4 шақырымы, әуежайға кіреберіс 2 шақырым жол мен Волгоградская, Селевин, Бозтаев көшелері мен сол жағалаудағы айырық пен Глинка көшесі бар. Жол жөндеу мәселесі қай уақытта болмасын өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан, қала жолдары мерзіміне сай, жөнделуі қажет,-дейді тұрғындар. 
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің хабарлауынша, биылғы жылға жоспарланған жұмыстардың барлығы қазан айында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша тағы 15 көшеге жөндеу жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 1 млрд 700 млн теңге. Қазіргі таңда Сеченов, Карменов, Строительная, Цементная көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталса, Би Боранбай көшесінде әлі жүргізіліп жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, жол жөндеу жұмыстарына 700-ге жуық адам жұмылдырылған. Басым бөлігі, «Омск-Майқапшағай» тасжолы мен Қарағайлы шағын ауданындағы квартал ішілік жолдардың жөндеу жұмыстарына бағытталған. Мұнда жұмыстардың 60 пайызы аяқталған. Асфальт төсеу жұмыстарын жеделдету үшін бүгінгі күннен бастап мердігер ұйым қосымша түнгі жұмыс кестесіне көшеді.  Яғни, жол қозғалысы қарқынды болғандықтан, күндізгі уақытта асфальт-бетонды жабынды орнату мүмкін емес, сондықтан түнгі уақытта жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар