ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚАЛА КҮНІНЕ ТАРТУ

14:02, 14 қыркүйек 2020

Қала күніне орай облыс орталығында екі бірдей балабақша ашылды. Олардың бірінде ерекше балалар оқитын болады. Қала әкімі аталған мекемелердің жұмыс барысымен танысты. Ұзақ уақыт бойы балабақша ғимараты бос тұрған еді. Ал қазір бұл жерде 100 орындық үш қабатты заманауи балабақша бар.  Басты ерекшелігі мұнда сөйлеу қабілеті бұзылған, Даун синдромына шалдыққан  және психикалық дамуы тежелген балалар білім алуға мүмкіндік алды. Олармен білікті дефектологтар, психологтар, сондай-ақ логопедтер жұмыс істейді. Балабақшада арнайы сенсорлық бөлме, емдік дене шынықтыру және логоритмика бөлмелері бар. Балалармен білікті, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, қала күні Ахмер ауылында тағы бір балабақша ашылып, тұрғындарға қуаныш сыйлады. Әзірге мектепке дейінгі мекемеде тек үш топ оқиды, бірақ оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. Тәрбие ошағы 75 балаға арналған. Балабақша жер үйден қайта жабдықталды. Тәрбиеленушілер негізінен Ахмер ауылынан және Меновнойға жақын аудандардың тұрғындары. Жақын арада мекеменің іргелес аумағын кеңейту жоспарлануда. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар