ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Қала күні мерекесі

14:06, 9 қыркүйек 2019

Биыл облыс орталығы Өскемен қаласының негізі қаланғанына 299 жыл. Көпшілік күткен мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Осы жылғы салтанат ерекше өтеді. Бір апта бойы ән кештері мен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Өскемендіктерді тағы қандай қызықтар күтуде? Ол туралы келесі бейнематериалда. Қала мерекесіне арналған шаралардың алды 7 қыркүйекте  автожарыстан басталды. Бірақ, мерекелік шаралар тізімі мұнымен тоқтамайды. 12 қыркүйекте Бейбітшілік көшесіндегі арбаттың ашылу салтанаты өтеді. 13-і Достық үйі алдында этно-мәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен мерекелік кеш жоспарланды. Дәл сол күні көпшілік Комендантка бойы мен Теміржолшылар саябағындағы «Oskemen – openair fest – 2019» фестивалінде жиналады. Онда  жергілікті лайв-бендттер мен ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. 14 қыркүйекте республика алаңында дәстүрлі бал жәрмеңкесі, ал «Жастар»  және Жамбыл атындағы саябақта «Oskemen — бақытты балалық шақ қаласы» мәдени-сауықтыру шарасы жоспарланған. Қала күніне арналған мерекелік кеш «Самал» саябағында жалғасады. Кешкісін Республика алаңында «Oskemen Gourment Festival» аясында қаланың үздік мейрамханалары ерекше шоу жасайды. Сонымен қатар, бұл күні «А-Студио» мен «The Jigits» топтары  өнер көрсетеді. Концерт соңы мерекелік от шашуға ұласады.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...