ШҰҒЫЛ! ШҚО тағы 1 адам індет жұқтырды Толығырақ

Қайырымдылық эстафетасы

17:20, 20 наурыз 2020

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты және филиалдарының қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын коронавирус індетімен күресу шаралары үшін аударды. Бұл өз кезегінде көрсетілген үлкен көмек. Сонымен қатар, партия антисептикалық құралдар, медициналық бетперделер мен бірінші қажетті азық-түліктерге зәру жандар үшін 150 миллион теңге бөлді.

«Nur Otan»-ның «Біз біргеміз» акциясы облыс орталығында кеңінен жүргізілуде. Бүгін жасотандықтар азық-түлік пен гигиеналық заттарға толы қораптарды жалғызбасты зейнеткерлерге, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізіп берді. Еріктілер мақтауға тұрарлық істерін жақын қатынасқа түспей-ақ жасағылары келген. Алайда, мұндай жақсылыққа жүрегі жылыған жандар рақмет айтуға асықты. Акция басталғалы бері екі күн ғана болды. Дегенмен, еріктілер осы уақыт аралығында оннан аса жанұяға көмек беріп үлгерген. Ал, бүгін кезекте тағы екі шаңырақ бар. Жасотандықтар азаматтарды «Біз біргеміз» қайырымдылық эстафетасына атсалысуға шақырады. Олардың сөзінше, жақсылық жасау осындай қарапайым істерден басталады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
18:20, 22 мамыр 2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
Толығырақ...