ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

ҚЫСҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛ

14:05, 11 ақпан 2019

Ортамызда тағдыр тәлкегін бастан кешіп жатқан азаматтар арасында өздерін қоғамның бір бөлігі сезініп, елмен етене араласып, белсенді атанған спортшылар, кәсіпкерлер, оқытушылар, студенттер және т.б.жан қаншама?! Оларға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда. Десе де денсаулығына байланысты мұндай мүмкіндіктен қалыс қалып отырғаны да аз емес. Мәселен, қимыл-қозғалысы шектеулі жерлестерімізде құны 200 мың теңгеден асып-жығылатын арбаға ақша жеткізе алмай отырғандары бары шындық. Мұндай соманы әркімнің қалтасы көтере бермейді. Осындайда көмекке келген Өскемен оқушылары кішкентай қалалықтарға қол ұшын берді. Қайырымдылық балын өткізді. Дәстүрлі қысқы бал сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 1 миллион теңгеге жуық ақша жиналып, балаларға қоларба сатып алынды. Қамқорлыққа бөленген жандардың бірі - Айзар Айдос. Мейірімге толы кеште Айзар ғана емес, тағы төрт балаға арба табысталды. Жастар арба сатып қана қоймай, жыл бойы дайындаған билерін көрсетті. Кішкентай бауырларына мейрам тарту етіп, көңілдерін көтеріп, жадыратты. Өскемендік ерекше жандардың қамын ойлаған мектеп оқушылары «игі ісіміз өзгелерге үлгі болады» дейді.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
13:37, 22 ақпан 2019
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...